Хасанның әйелі оның расымен немен айналысатынын айтып берді Фото-коллаж: Ulysmedia.kz

Хасан Қасымбаевтың әйелі күйеуіне қатысты пікір білдірді

Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаевтың әйелі күйеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Әйелі оның кінәсіз екенін айтып, Президентке бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, Хасан Қасымбаев – ешкімге зиян тигізбеген адам.

"Ол мал шаруашылығымен айналысады. Кішігірім бетон шығаратын зауыты бар. Күйеуім туралы айтылып жатқан ақпарат жалған. Біреу айтты, қалғандары соны қолдап отыр. Оны шынымен танитын адамдарға барыңыздар, қандай адам деп сұраңыздар! Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды. Үш баламыз бар. Ойлаңызшы, балаларымызға қандай психологиялық соққы тиіп жатыр?" – деген әйелі істің әділ қаралуын сұрады.

    Көп оқылды: