Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері мәлімдеме жасады
Кеше, 30-шы қыркүйек күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан және Аргентина құрамалары бақ сынасты. Матч қарсылас команданың пайдасына 6:1 есебімен аяқталды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz
«Біз бүгін не нәрсеге лайықпыз, соны алдық. Өз деңгейімізден алыс болдық. Аргентина өте сапалы әрі мықты ойнады. Футзал деген — үш күн бұрын мықтысың, бірақ кейін… Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толық өз мойыныма аламын. Бүгінгі ойын біздің ұлттық құрамамыздың ең нашар ойыны. Жанкүйерлеріміздің берген қолдауына лайық емеспіз»,-деді Кака
Өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама үздік нәтиже көрсетіп, доданы төртінші орынмен аяқтаған болатын.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)