Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогында жеңіске жетті olympic.kz

Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан басым түсті

Қырғызстан астанасы Бішкекте баскетболдан 18 жасқа дейінгі FIBA Азия біріншілігінің іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен жолығып, 59:42 есебімен жеңіске жетті. 

Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан U-18 құрамасымен кездеседі. 

Айта кетелік, іріктеуде кезеңінде жеңіске жеткен құрама Азия біріншілігінің негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.