"Қазақтардың кім екенін білсін" — Дияр Нұрғожай Ашық дереккөзден алынған

Нұрғожай қарсыласын екінші раундта талдырды

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай Дана Уайттың жеке жекпе-жек шарасында жеңіске жеткеннен кейін, ММА-ға жолдама алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.  

Нұрғожай жекпе-жек алаңында польшалық Бартош Шевчиковпен кездесіп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. Нәтижелі жеңісінен кейін Нұрғожай тілшілерге сұқбат берді. 

Баршаңызға сәлем! Қолдау білдіріп, қошеметке бөлеп жатқандарыңызға көп рақмет. Бартош - өте мықты әрі қабілетті қарсылас. Мен бұл жекпе-жекке үлкен дайындықпен келдім... Көк туымызды үлкен ареналарда желбірету - менің мақсатым. Ту - біздің мақтанышымз бен жүрегіміз. Қастерлі туымызды бүкіл әлемге паш ету үшін, қазақтардың кім екенін білу үшін барымызды салатын боламыз",- деді Нұрғожай. 

Дияр Нұрғожай қазіргі таңда UFC-де өнер көрсетіп жатқан алтыншы файтер.