Ережесіз жекпе-жектен халықаралық чемпион АЭС-ке қатысты өз пікірін білдірді
Ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионы және Еуропа чемпионы Ардақ Назаров елімізде АЭС-тың салынуын толық қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
– Қазір мамандар жақсы баға беріп жатыр ғой. Соған байланысты болады Құдай қаласа. Дамыған мемлекет ретінде болашақта бәрібір керек болады ғой. Қазір әлемнің бәрі бәрібір атом энергетикасына келіп жатыр ғой. Болашақта бәрібір саламыз. Сондықтан менің ойым – дұрыс деп ойлаймын, – дейді Назаров.
Ардақ Назаров – 1999 жылы джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің және Еуразияның екі дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері.