Игита кетсе, орнына Мюллер келеді twitter.com/UEFAcom_es

«Қайрат» құрамын қақпашы Луан Мюллермен толықтырмақшы

«Қайрат» футзал клубы қақпашы Игита кеткеннен кейін оның орнына кімді алатыны белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Futsalkazakhstan Instagram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметі бойынша, алматылық клуб Луан Мюллермен келісімшартқа қол қоюға жақын.

Мюллер – армян төлқұжаты бар бразилиялық, сондықтан чемпионат ойындарында қақпашы легионер болып саналмайды. Луан испаниялық «Пальма» құрамасында Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алды және 2023 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңінің үздік ойыншысы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, «Семей» футзал клубы өткен маусымда «Қайратты» финалда жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды. Алматылықтар 2004 жылдан бері алғаш рет алтын медаль ала алмады.

    Көп оқылды: