"Хутор" қылмыстық тобы шынымен бар ма: министрлік мәлімдеме жасады Видеодан скриншот

Талғар ауданындағы «Хутор» қылмыстық тобының бар-жоғы анықталуда

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, тергеушілер Талғар ауданындағы "Хутор" қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатыр. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді", – деді Игорь Лепеха.

Игорь Лепеха бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғын айтты.

"Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х.Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекетті біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады", – деді министрдің орынбасары.

    Көп оқылды: