Қазақстандағы ресейлік маркетплейсте героин сатып алуға болады

Спорт, денсаулық тақырыбында ақпарат таратып, түрлі шаралар ұйымдастырып жатқанымызбен, ашықтан-ашық осылай героинді жарнамалау және сату қаншылықты дұрыс?

Жастарды спортқа баулып, олардың денсаулығына пайдалы әрі маңызды ақпарат таратып жүргенімізбен, ресейлік OZON онлайн дүкені ашықтан-ашық Қазақстан нарығында да героин сатып отырғанын білесіз бе?

Egov Press телеграм арнасы «Где купить героин» деп Google іздеу жүйесіне жазған скрин жариялады. Скринде шыққан алғашқы нәтиже көріп тұрғандай, ресейлік OZON интернет дүкені.

Ең қызығы, жеткізіп беру құнын «тегін» деп көрсетіп қойған.