Даниал Ахметовтың ұлы Дубайдан құны 7-15 млрд теңге болатын вилла алған ба? Коллаж: dopmedia.kz

Қазір Даниал Ахметов Қазақстандағы «Жеңіл атлетика федерациясының» президенті. Жазғы олимпиада ойындарында бірде-бір медаль ала алмаған.

«Қазақстан республикасының жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметовтың Дубайда вилласы бар анықталды. Бұл туралы Азаттық радиосының зерттеуіне сілтеме жасап Dopmedia.kz сайты жазады.

Зерттеуде Даниал Ахметовтың ұлы Талғат Ахметовтың Дубайдағы Palm Jumeirah жасанды аралында вилласы бары айтылады. Аумағы 1 245 шаршы метр болатын бұл вилланың нарықтағы құны – 7-15 млрд теңге шамасында дейді журналист. 

Даниал Ахметов басқарып отырған Қазақстандағы жеңіл атлетика федерациясы биыл Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарда бірде-бір медаль еншілемеді. Тіпті «бәрінен озады» деп үміттенген Нора Джеруто да финалға шыққанымен, үздіктер қатарынан көріне алмады.

Бұдан бөлек халық елдегі олигархтардың спорт федерацияларынан кетуін талап етіп петиция жариялаған. Аталған петиция ішінде Даниал Ахметовтің де аты бар.