Әлімханұлы «Әлем чемпионы» атағынан айырылуы мүмкін Фото: m.sports.ru

WBO қазақ боксшысын титулынан неге айырмақшы?

IBF және WBO нұсқалары бойынша бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өзінің атағынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

WBO ұйымының айтуы бойынша, Жәнібек жаңазеландиялық қарсыласымен өткізген жекпе-жегі кезінде тек IBF титулы үшін жұдырықтасқан. Сарапқа «әлем чемпионы» атағы салынбаған екен.

Кінә Әлімханұлының командасына тағылып отыр. Команда алдағы бес күн ішінде жекпе-жекте қазақ боксшысы не себепті WBO титулы үшін күш сынаспағанына дәлел келтіріп, себебін түсіндіру керек. 

Тағы оқыңыздар: Көп күлген бір жылар: Әлімханұлы Михайловичті нокаутқа жіберді