Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі болмайды
UFC промоушеніндегі қазақ файтері Азат Мақсұм аяғынан жарақат алып, 3 тамызда Абу-Дабиде өтетін турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Азат Мақсұмның жарақаты туралы мәліметтерді өзінің әлеуметтік желіде файтердің менеджері Нұраддин Садықов хабарлады.
«Азат ауыр жарақат алды. Кеше бізге қарсыласы Си Джей Вергара жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқаны туралы хабарланды.Содан кейін біз бразилиялық файтер Рочумен жекпе-жекке келістік. Өкінішке қарай, Азат бүгін жаттығуда тобығын сындырып алды. Біз рентген мен дәрігерлердің қорытындысын көрдік. Азат қазір аяғын баса алмайды, сондықтан турнирге қатыса алмайды. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деді Нұраддин Садықов.
Айта кетелік, 3 тамызда Абу-Дабидегі турнирде Азат Мақсұм америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығуы керек болатын.