Нұралы Әліп Ресейде өз әріптесін ренжітіп қойды Фото ашық дереккөзден. Суретте: Клаудиньо

Ол бразилиялық ойыншыны ренжітіп қойды

«Зенит» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бразилиялық жартылай қорғаушы Клаудиньомен қарым-қатынасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

– Егер сен жаттығу кезінде Клаудиньоға қатты соққы жасасаң, ол қандай да бір наразылық білдіре ме?

– Иә, әрине. Клаудиньо ренжіп қалады. Бірден айтады: «Сен тек мені ғана қатты тоқтатасың! Кассьерраға барып, солай ойна! Сен тек мені ұрып жүрсің». Сондықтан қазір Клаудиньоға мүлде тиіспеймін (күлді), – деп әзілдеді Нұралы Әліп «СБГ Шоу» YouTube арнасына берген сұқбатында.