"Кім керек, бәрі бар": Олимпиада чемпионы Елдос Сметов той жасады (фото) instagram/yeldos60kg. Суретте: Елдос Сметовтің отбасы

Елдос Сметовтің шаңырағында қуаныш өтті

Париж Олимпиадасының алтын медалін иеленген қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Таразда екі ұлының сүндет тойы мен қызының тілашарын жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл туралы қазақстандық дзюдошы Instagram желісіндегі ресми парақшасындағы Stories бөлімінде фото-видеолар жариялады. Аталмыш тойға танымал әншілер, актерлер, өнер адамдары, спортшылар қатысқан.

Айта кетейік, биыл Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан 60 кг дейінгі салмақта белдескен Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алған болатын.