Байрақты бәсеке елімізде өтетін болды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапештте халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдер қабылданды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды.
"Дзюдо жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар халықаралық дзюдо федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін", - деп жазды министр Ербол Мырзабосынов.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?