Қазақстанның ең тартымды боксшысы Бангоктан оралды (фото, видео) instagram.com/angelina_lukas1997. Суретте: Ангелина Лукас

Ангелина Лукас Алматы әуежайында күтіп алды

Алматы қаласының халықаралық әуежайында кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты Орталық спорт клубының өкілдері мен ҚР Қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қарсы алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бүгін, 9 қазанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты Орталық спорт клубының өкілдері мен ҚР Қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қарсы алды.

"Жеңісімді барша қазақстандыққа арнағым келеді. Мен үшін бұл жеңіс ерекше маңызды болды. Қарсылас өте мықты әрі тәжірибелі еді, бірақ мен жеңісті жұлып алдым", - деді Ангелина Лукас.

Айта кетейік, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды.