"Миллиардтаған ақша айтыс пен көкпарға бөлінсін": Қоянбаев хоккейді сынады instagram/nurlankoyanbayev. Суретте: Нұрлан Қоянбаев

Нұрлан Қоянбаев спорттағы келеңсіз жағдайды сынады

Танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде хоккей және велокомандаларды сынап желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Нұрлан Қоянбаев Instagram желісіндегі парақшасында аталған спорт түрлеріне бюджеттен қыруар қаржы бөлінгенімен ешқандай нәтиже жоқ екенін алға тартты.

"Команда нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға бөлінсін миллиардтаған ақша. "Астана" велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Бірақ нәтиже жоқ", - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

    Көп оқылды: