"Оған ыңғайлы қарсыласты ғана береді" - Дияр Нургожай мәлімдеме жасады sports.kz

Жақында UFC-мен келісім-шартқа отырған қазақстандық чемпион Перейраға «ескерту» жасады

Жуырда ғана UFC ұйымымен келісімшартқа отырған Дияр Нұрғожай (10-0) әлемдік аренадағы биік мақсаттарын бірден жария етті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Vesti.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ол жартылай ауыр салмақтағы қазіргі бразилиялық чемпион Алекс Перейрамен (12-2) жұдырықтасқысы келетінін ашық айтты.

Өткен демалыс күндері Алекс Перейра АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында өткен UFC 307 турнирінде бірінші рет жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын үшінші рет қатарынан қорғады. Ол төртінші раундта америкалық Халил Раунтриді (13-6-0-1) нокаутқа түсіріп, дивизиондағы өзінің күші мен үстемдігін көрсетті.

«Перейра, әрине, жақсы жігіт. Оны құттықтаймыз, бұл жақсы жекпе-жек болды. ​​Роунтри мен секілді жақсы соққы берді, бұл соққы сәл «алдау» болды. Бірақ шынын айту керек, Перейраға шынымен ыңғайлы қарсыластар беріліп жатыр. Қайталап айтамын, Магомед Анкалаев бар, Перейра бұдан да қиын уақытты бастан өткерген басқа жауынгерлер бар. Десе де, оның біз түсінетін, білетін соққы жасау тәжірибесі мол. Бәлкім онымен жекпе-жекке шығармыз. Мен UFС белбеуін көздеп отырмын. Ал мен көтеріліп жатқанда кімнің "тақта" отыратыны маңызды емес"

Ол Перейрамен жекпе-жек оны қатты қуантар еді деп айтты. 

«Ион Куцелабамен жекпе-жек қызық па? Иә. Жалпы, шынымды айтсам, жекпе-жек ретінде, топ-5  қарсыластары болғаны қызық болар еді. Мысалы, Перейрамен. Мен Перейрамен жекпе-жекке түссем, бақытты болар едім!   Әрине, бәрі қалай болатынын көреміз, бірақ Перейрамен өтсе , қуанар едім. Сонымен, бұл Куцелаба ма, басқа біреу ме - мен үшін маңызды емес. Олар кіммен жұмыс жасаса, біз жұмыс істейміз, жер жыртамыз», - деп түйіндеді жеңіліссіз спортшы.

Айта кетейік, Нұрғожай небәрі 27 жаста болса, қазіргі чемпион Перейра 37 жаста.

Диярдың толық эксклюзивті сұхбатын мына жерден көре аласыз:

 

    Көп оқылды: