Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы мансабын аяқтады Richard Callis/Eurasia Sport Images/Getty Images. Суретте: Рафаэль Надаль

Ахмет Қанатұлы

10 қазан, 2024

177

Ол өз мансабында небір даңқты турнирлерде топ жарған

"Үлкен дулыға" турнирінің 22 дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы алғашқы ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль мансабын аяқтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

38 жастағы испаниялық Рафаэль Надаль кәсіпқой теннисші мансабын аяқтағанын әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. Ол 22 дүркін "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы. Франция ашық чемпионатын, яғни "Ролан Гарросты" 14 мәрте жеңген. 2008 жылы Пекинде өткен және 2016 жылы Риода ұйымдастырылған Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері.