Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмендеді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде төмендеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Кейбір бейресми деректердің мәліметінше, Елена Рыбакина топ-5 қатарынан шығып, жаңартылған рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. Дегенмен, WTA ресми рейтингі әлі жарияланған жоқ.
Еске салайық, денсаулығына байланысты Елена екі жарым ай бойы жарыстарға қатыспаған еді. Қорытынды турнирде ол үш матчтың екеуінде жеңіліп, тобында соңғы орынды иеленді.