Қостанайда бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды istockphoto.com

Дөп медиа

11 қазан, 2024

335

Қостанай облысы Жітіқара қаласында бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды

Бүгін, 11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай  облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

«Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткенше, үй толығымен отқа оранған, шатыры ортасына опырылып түскен. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған.  Өкінішке қарай, үйінділердің астынан бес баланың мәйіті табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген», - деп хабарлады Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.