Қытай құрамасы чемпион атанды: Азия чемпионаты өз мәресіне жетті Үстел теннисі федерациясы

Азия чемпионатының ерлер арасындағы командалық жарысы аяқталды.

Астанада өткен үстел теннисінен Азия чемпионатының ерлер арасындағы командалық жарысы аяқталды,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Финалда Қытай құрамасы мен Қытайлық Тайбэй құрамасы чемпиондық атақ үшін күш сынасты.

Нәтижесінде, Қытай ерлер құрамасы қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Жартылай финалда жеңілген Үндістан мен Оңтүстік Корея құрамалары қола медальдарға ие болды.