Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Ноттингем турнирінде тас-талқан болып жеңілді instagram.com/zarinadiyas/

Дияс небәрі бір геймде ғана жеңіске жетіп, жарысты бірінші айналымнан аяқтады

Жарақатына байланысты ұзақ уақыт үлкен спорттан қол үзген қазақстандық теннисші Зарина Дияс биыл кортқа қайта оралған болатын. Бүгін ол Ұлыбританияда WTA 250 сериясындағы Ноттингем турниріне қатысып, ойсырай жеңілді.

Ұзақ үзілісте болғандықтан Дияс әлі әйелдер теннисінің рейтингіне енген жоқ. Ал, оның қарсыласы – аустралиялық Кимберли Биррел 164-орында. Соған қарамастан ол Қазақстанның экс-бірінші ракеткасын 6:1, 6:0 есебімен тас-талқан етті.

Зарина Дияс мансабын қайта бастағалы бері Жапонияда екі жарысқа қатысып үлгерді. Алайда, екеуінде де алғашқы айналымдардан әрі аса алған жоқ.

    Көп оқылды: