"Әділдік жоқ": Шерзаттың отбасы Қазақстаннан көшетін болды Фото-коллаж Inbuisness сайтынан алынды

Ахмет Қанатұлы

15 қазан, 2024

3.8k

Шерзаттың әкесі не нәрсеге наразы?

Талғарда бір топ қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі халыққа тағы бір үндеу жасады, деп Dopmedia.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұлының өліміне қатысты әділ шешім шықпайтынына көзі жеткенін айтады.

"Бір ғана өтінішім бар, қазақ елінде ешқандай қан-төгіс болмасын. Тоқаев мырзадан сұрайтыным, отбасымды аман-есен алып, басқа мемлекетке көшіп кетуіме жағдай жасасын. Олар пышақпен келді. Мен енді қаламмен немесе қағазбен шықпаймын ғой. Жалынып, жалбарынып сұрадым, қолдарын алдым. Сол жерде қолдарын еркекше беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі – мынау. Мен, Шерзат немесе Нұрғанат біреуіміз сол жерде қан төксек бізді қаралап, "қанішер" десеңіздер болады. Мен қан төккен емеспін, қан төкпеймін де. Менің басымдағы жағдайды, қарындасымның, анамның, әйелімнің қалай жылағанын көрсеңіздер түсінесіздер. "Анам, әкем" деп жылау бір бөлек, бірақ "ботам" деп жылау мүлдем бөлек. Мен қазақ болған соң бірде-бір қазақтың қаны төгілмесін деймін. Айтарым осы. Соттаймын, атамын десеңіздер, өздеріңіз білерсіздер", – деді марқұмның әкесі.

    Көп оқылды: