Серік Жарасбаев бұл мәселе бойынша пікір білдірді
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, Мәжіліс қарауында жатқан Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілген, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Бұл мәселе Мәжілісте спорт мәселесі талқылған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев кейбір спортшылардың сақалының өсіп кеткенін сынға алған. Ол дінге берілсе, «олар мешітке барып намаз оқысын» деп те өткір айтты.
«Қазіргі таңда көптеген спорт түрлерінде өзіңіз айтып отырғандай, діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар, өкінішке қарай. Оны білеміз, тізімі бар. Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормаларды енгізіп отырмыз. Оны депутаттар қолдады», - деп жауап берді Серік Жарасбаев.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)