Ресейге ауадай көмек қажет
Санкцияға байланысты Ресей Қазақстаннан көмек сұрады. Олар қазақстандық әуе компаниялары ішкі әуе тасымалымен қамтамасыз ету үшін Ресей нарығына шығуды сұрап отыр. Бұл туралы Dopmedia.kz ақпарат агенттігі The Moscow Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр.
"Шетелдік авиакомпания басқа мемлекеттің елді мекендері арасында рейстерді орындаған кезде каботаждық тасымалдау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ресейде мұндай құқыққа отандық әуе тасымалдаушылары ғана ие. Әуе кемелері паркінің тапшылығы жағдайында каботаждық тасымалдауға рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", – деді Ресей көлік министрлігінің басшысы Роман Старовойт.
Министрлік мәліметінше, Украинамен соғыс басталғанға дейін Ресейде 850-ге жуық ұшақ болса, бір жылдан кейін олардың саны 736-ға азайған. Себебі, Ресейге қарсы санкция салынған соң, елге ұшақтар мен оларға қажетті қосалқы бөлшектерді тасымалдау тоқтаған. Болжам бойынша, екі жылдан кейін елдегі ұшақтардың саны тағы екі есеге қысқаруы мүмкін.
Ресей билігі ұшақтарды өздері жасайтынын мәлімдеді. Тіпті Ресей Федерациясында автомобиль өнеркәсібін дамыту бағдарламасы іске қосылыпты. Алайда, ресейлік авиация өнеркәсібі тек Ту-214 және бір Ил-96-300 шығарылғанын, содан кейін бағдарлама айтарлықтай қысқарғанын мәлімдеді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?