Дмитрий Попко жартылай финалға шыға алмады KTF

Қазақстандық теннисші Яссыдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Румынияда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шыға алмады,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші франциялық Энцо Кокодан 3 сетте 7:6, 2:6, 6:7 есебімен жеңіліс тапты. 

Матч 2 сағат 40 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда Коко испаниялық Хавьер Барранкомен кездеседі.