Өскеменде халықаралық шахмат жарысы: үздіктер кімдермен күш сынасуда?

Өскеменде алғаш рет халықаралық шахмат турнирі өтіп, әлемнің үздік шахматшылары бас қосты. Турнирдің егжей-тегжейлері мақалада.

Өскемен қаласы 2024 жылы тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі шахмат турнирін қабылдады. «Oskemen Open-2024» деп аталған бұл жарысқа 15 елдің атақты гроссмейстерлері жиналып, шахмат әлемінің нағыз мықтылары бақ сынайтын алаңға айналды. Қазақстан шахмат федерациясы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Ойынның ерекшелігі – екі деңгейлі турнирдің өткізілуінде. «Masters» санатындағы жарысқа рейтингі 1 900-ден жоғары 120-дан астам спортшы, ал «Open» санатында 74 шахматшы бақ сынауда. Бұл туралы Dopmedia.kz сайты Altainews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл турнирдің басты мақсаты – жергілікті ойыншылардың халықаралық деңгейдегі шеберлермен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету және елдегі шахматқа деген қызығушылықты арттыру. Турнирдің басты қонақтарының қатарында Қазақстанның үздік спортшылары, сондай-ақ Армения, Қытай, Иран және Үндістаннан келген шахмат шеберлері бар. Олардың арасында 2023 жылғы Қазақстан кубогінің иегері Мануэль Петросян және 2022 жылғы шахмат олимпиадасының чемпионы Жахонгир Вахидов ерекше көзге түсуде.

Бұл жарыс Қазақстан кубогінің екінші кезеңі болып табылады. Ақтөбеде өткен алғашқы кезеңнен кейін, турнир Павлодар мен Алматы қалаларында жалғасын табады. Шахмат жарысының финалы қараша айында Алматыда нокаут жүйесі бойынша өтпек.