Президент ішкі істер министрінің орынбасарын қызметінен босатты
Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.
АЙДОС РЫСБАЕВ
1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.
1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарған.
2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болса, 2019-2022 жылдары Нұрсұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары. Полиция генерал-майоры.
-
6 қараша, 2024
Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті – Тамара Асар