"Хасан алдымызға келді": блогер Талғарда Хасанды іздеп барды (видео) Фото-коллаж Qaz365.kz сайтынан алынды

Хасан Қасымбаев бұл іске қатысы жоқ екенін айтты

Өзін әлеуметтік желіде «Ағалық болашақ» деген ұйымның жетекшісі ретінде таныстыратын блогер Талғарға барып, аты шыққан Хасан Қасымбаевпен кездесті, деп Dopmedia.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол болған оқиғаға ешқандай қатысым жоқ. Әлеуметтік желіден естідім», - дейді Хасан оның сұрағына жауап беріп.

«Неге сол оқиғада сіздің атыңыз аталып жатыр?» деген блогердің сауалына Хасан Қасымбаев сол ауылда (бұрынғы Хуторка – қазіргі Рысқұлов) тұрғанын айтады. Хасан Қасымбаевтың сөзінше резонансты істе есімін марқұм Шерзат Болаттың әкесі атаған.

«Ол балаларды танымадық (қылмысқа барған). Енді ғана танып жатырмыз. Танымаймын. Қылмыс жасаған балалар заңды түрде жазасын өтесін деп тілеймін. Басқа...» - дейді Хасан Қасымбаев.

«Хасан алдымызға келіп тұр, Алла разы болсын» дейді блогер. Оған қоса марқұм Шерзаттың әкесін әкімдіктің алдына шақырады.