Қаза тапқан сарбаздың анасы халықтан көмек сұрады
Ұлттық ұланның қаза тапқан 19 жастағы сарбазы Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева ашық сотты талап етті, деп Dopmedia.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Индира Туғанбаева әскери қызметкер дауыл кезінде қаза тапты деп мәлімдеген Ұлттық ұланға сенбейтінін мәлімдеді.
"Ұлыма әскерде шатыр құлап қайтыс болды деп айтылды. Олар бұған сендіре алды. Біз былтыр 8 желтоқсанда, ұлымыз қайтыс болған соң 1,5 жылдан кейін Алмастың денесін эксгумацияладық. Біз тәуелсіз сарапшыны жалдадық және ол ұлымыздың кешкі сағат 7-де қайтыс болғанын анықтады. Ал дауыл кешкі 9-да болды. Сондай-ақ сарапшы пышақ жарақатын растады және бұл шатыр құлауының салдарынан болған өлім екенін жоққа шығарды", – деп жазды ол.
Қайтыс болған Ұлттық ұлан сарбазының анасы ұлының қызметте қорлық көргеніне сенімді. Оның сөзінше, сарбаздың денесінің бөліктері көгерген, ұрып-соғу іздері, темекі күйіктері байқалады.
"Өзінің жазаланбайтынына сенімді адамдар көзімізге тік қарап, өтірік айтып жатыр. Бізге әділеттілікке жетуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Бізге шұғыл адвокаттар керек, ашық сотты талап етеміз", – деп толықтырды Туғанбаева.
Еске салайық, Алмас Шахимов 2022 жылы тамызда қайтыс болды. Ол Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде қызмет етті.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)