Астанада каратэден турнир жарысы  басталды olympic.kz

Турнирде 800 спортшы бақ сынап жатыр

Астана қаласында каратэден (WKF) Kazakhstan Open халықаралық турнирі басталды,- деп хабарлайды dopmedia.kz 

Бұл турнир елімізде осымен жетінші рет өткізіліп отыр. Жарыс кумитэ және ката бөлімдері бойынша жасөспірімдер (12-13 жас), юниорлар (14-17 жас) жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жас және одан жоғары) арасында өтуде.

Ел намысын Берульцева Софья,  Алпысбай Қайсар, Әжіқанов Нұрқанат, Үсенова Гүлмира, Юлдашев Данияр, Төлтай Абылай және Қанай Әсел сынды спортшылар қорғауда.

Халықаралық турнирге 5 елден (Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Қазақстан) 800-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынауда.

Жарыс 14 маусымға дейін жалғасады.