Португалдық ойыншы келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөздер жүргізуде.
«Аль-Наср» Криштиану Роналдумен келісімшарт мерзімін 2026 жылға дейін ұзарту туралы келіссөздер жүргізе бастады, деп хабарлайды dopmedia.kz.
39 жастағы португалиялық шабуылшы Еуропаға оралуды немесе басқа клубқа ауысуды жоспарлап жүрген жоқ.
Сондай-ақ Роналдудың жалақысы көтеріледі деп күтілуде. «Аль-Наср» португалиялықтың 2026 жылғы әлем чемпионаты басталғанша өз құрамында ойнағанын қалайды.
Роналдудың "Аль-Насрмен" қазіргі келісімшарт мерзімі 2025 жылдың жазына дейін жоспарланған.
Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 44 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.