Мадридтік клубтың бас бапкері күтпеген жаңалығын айтты
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында дортмундтық «Боруссияны» 5:2 есебімен ойсырата жеңген мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти Винисиус Жуниордың шеберлігіне ерекше баға берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
«Меніңше, Винисиус биыл «Алтын допты» сөзсіз алады. Бұл тек бүгінгі матч емес, оның өткен маусымдағы ойындары да бұл жетістікке лайық. Бүгінгі хет-трик оның мүмкіндігін одан әрі арттырды», - деді Анчелотти ойыннан кейінгі сұхбатында.
Айта кету керек, бірінші таймнан кейін 0:2 есебімен ұтылып жатқан «корольдік клуб» екінші таймда бес бірдей жауапсыз гол соғып, таңғажайып камбэк жасады. Ал Винисиус Жуниор бұл матчта хет-трик жасап, ойынның басты жұлдызына айналды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?