«Аз уақытта нәтижелі жұмыс көрсету қиын» — Данияр Елеусінов Ашық дереккөзден алынған

Рио-2016 Олимпиада ойындарының чемпионы қазіргі қазақ боксына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен боксшыларға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

"Бір жағдайды ғана есепке алып боксшыларды сынауға болмайды. Спортшыларға  қателіктерін түсініп, жағдайды сараптауға уақыт беру керек. Келесң Олимпиадада боксшыларымыз үздік нәтиже көрсететініне сенімдімін. Лос-Анджелестен алтын медаль алмай қайтпаймыз",-деді Данияр. 
 

Айта кетейік, 28-ші қыркүйек күні Данияр Елеусінов ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын.