Орта есеппен 114 мың теңге жұмсауымыз мүмкін
Қазақстан тұрғындары азық-түлікке ай сайын орташа есеппен 113 870 теңге жұмсайды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Freedom Finance Global сарапшыларының деректеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам адамның 27%-ы ай сайын тамаққа 50 мың теңге жұмсайтынын айтқан. Қатысушылардың 30%-ға жуығы 75-100 мың теңге аралығында шығындалатынын мәлімдесе, әр бесінші тұрғын, яғни 17%-ы, 100-150 мың теңге жұмсайтынын көрсеткен.
Сонымен қатар, 12%-ы 75 мың теңгеге дейін, ал қалған 10%-ы ай сайынғы азық-түлікке 150-200 мың теңге бөледі екен.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)