Жақында Ангелина Лукас құрмет грамотасымен марапатталды.
Жақында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты құрмет грамотасымен марапаттады. Марапаттау рәсіміне қатысқан боксшы сахнаға бірнеше белбеумен шықты, деп хабралйды Dopmedia.kz.
Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Кейбірі боксшының мұндай пафоспен әрекет етуіне реніш білдірді.
«Неге белбеулерін сүйреп шықты?» «Бұл сценарий», «Көрсетпесе, жеңіске не үшін жетті?» деп пікірлер қалдырғандар болды.
Айта кетейік, Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) қазан айының басында Бангкокте (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Лукас чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте аргентиналық Дебора Анаи Лопесті (21-2-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңді.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)