Тамара Асар алғаш рет жолдасы туралы айтты
Танымал әнші Тамара Асар алғаш рет жолдасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Өнер иесі “Әйел әлемі” бағдарламасына жолдасымен қалай танысқанын айтты.
“Осы күнге дейін ұлым үшін ғана өмір сүрдім. Барлық жетістігімді соған арнадым. бір күні қатты шаршадым. Концерттен-концерт болып кетті. Қонақ үйге келіп, “Құдай, маған күйеу берші” дедім. Соны тілеп жатып, ұйықтап кеттім. Ондай дұға жасағанымды да ұмытып қалғанмын. Күйеуімді тура бір аптадан кейін жолықтырдым. “Мына әйелге үйленемін” деп мені көрсетіп, айтып бара жатты. Мен естіп тұрдым. Тура сол сөзден кейін жеті күнде тұрмысқа шығып кеттім”, – деді әнші.
Өнер иесінің сөзінше, жолдасының да, өзінің де өмірі түбегейлі өзгерген көрінеді.
“Маған бір фирмада дәнекерлеушімін деді. Мен соған сендім. Танымал әнші бола тұра, “сварщикке” тұрмысқа шықтым. Сөйтсем, өндірісті басқаратын бастық екен. Анасы өмірден өткеннен кейін мүлдем шай ішпей кетіпті. Бас қосқаннан кейін, менің шай құйғанымды көріп, қатты таңғалды”, – деді эстрада жұлдызы.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)