Мақпал Жүнісова тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті
Танымал әнші Мақпал Жүнісова тұрмыс құруға қатысты ойын айтып, көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі болашақтағы арманын да оқырмандарына бөлісті.
“Алла қаласа Мерейді ұзатып, жиендерді бағуға жеткізсе деп армандаймын. Сосын ажарымыз таймаса жетпіс жаста бір шал бұйырып қалар. Бірақ тұрмыс құруға Зәкең жібермейді-ау. Кейде адамдар артық айтып жатады. Сөз сүйектен өтеді екен. Мендегі жүректі артық даттаулар жұлмалап қалжыратты. Пендемін ғой, қателік те кетіп қалады. Ондай ханда да, ханның қызында да болады”, – деп жан сырын ақтарды әнші.
Одан кейін өнер иесі жасы ұлғайған сайын ел арасында жалғыз жүруге қорқатынын да жеткізді.
“Ана жолы жалғыз өзім базарға бүкіл бетім мен мұрнымды жауып, аузымды байлап бардым. Тіпті көз көрінбейтін көзілдірік те тақтым. Жарты сағатта алатынымды алып, тайып тұрдым. Ешкім білген де жоқ. Машинаға келіп, орамалды алсам, шылқылдап кетіпті. Тұншығып кеттім. Өмір бақи бетін жауып алатындар қалай жүреді екен деп ойға баттым”, – деп жазды халық әртісі.