«Күнә жасадық»: боксшы бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты (видео) Видеодан скриншот

Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын түсіндірді

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы атанған боксшы Данияр Елеусінов бірінші жұбайымен ажырусының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Айдос Ербосынұлының YouTube желісіндегі арнасына берген сұқбатында боксшы жеке өмірі туралы айтып берді. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен ажырасып кеткені туралы ойын ортаға салды.

«Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ бастапқы себеп – дұрыс таңдауда және күнә жасамауда. Бәрі Исламға, тәрбиеге келіп тіреледі», – деді Елеусінов.