Адамдар 600 мың теңге айлыққа жұмыс істегісі келмейтіні рас па?

Министр адамдар 600 мың теңгеге жұмыс істегісі келмейтінін айтқан

Мәжіліс отырысына келген премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қазақстандықтар 600 мың теңге жалақыға жұмыс істеуге бармайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аймақтарда азаматтар 600 мың теңге жалақыға жұмыс істеуге бармайтынын айтқан еді. Журналистер вице-премьерден мұндай ақпараттың қайдан шыққанын сұрады. 

"Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен сұрау керек шығар. Бұл – оның пікірі. Бірақ ол экономикадағы орташа жалақы туралы айтқан жоқ, ол жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасына ілетін ақпарат бойынша айтты. Сондықтан қандай кәсіпорын, қандай маман туралы айтқанын нақтылап, ақпарат алу керек", - деді ол.