Шавкат Рахмоновтың қарсыласы жекпе-жектен бас тартты
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі чемпиондық жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл ақпаратты Шавкаттың командасы растады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс еді. Алайда чемпион Белал Мухаммад (24-3-0-1) белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартқан. Шавкат Рахмоновтың командасы бұл жекпе-жектің өтпейтінін растады.
Қазіргі таңда Шавкаттың UFC 310 турнирінде басқа қарсыласпен шығуы мүмкін бе немесе чемпион Белал Мухаммадпен жекпе-жекті күте ме деген сұрақ төңірегінде келіссөздер жүргізілуде.
-
8 қараша, 2024
Спорттағы былық: қаржы тиімді қолданылмаған
-
10 қараша, 2024
Жекпе-жектен бас тартқан Белал тосын пікір білдірді
-
8 қараша, 2024
46 ипподромның бесеуі ғана талапқа сай
-
8 қараша, 2024
Ресми: Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті