Айгүл Иманбаева көпшілікке ерекше жаңалық айтты
47 жасында тұрмыс құрған актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Өнер иесі бүгінде үйлену тойына дайындалып жатқанын айтты.
“2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған “аяғың ауыр ма?” деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын”, – дейді әнші.
Одан кейін өнер иесі жасөспірім ұлы бар келіншектердің екінші рет тұрмыс құруына қатысты пікір білдірді.
“Негізі балаңызбен көбірек сырласыңыз. Онымен дос болыңыз. Сондай-ақ өзіңіз миыңызбен жұмыс істеңіз. Құдайға сенуді тоқтатпаңыз. Дамуды жалғастыра беріңіз. Сол кезде ұлыңыз да түсініп, жаңа дүниеге жол ашылады”, – деп кеңес берді ол.
-
8 қараша, 2024
Спорттағы былық: қаржы тиімді қолданылмаған
-
8 қараша, 2024
Басшылық тағайындаудағы былықтар анықталды
-
10 қараша, 2024
Жекпе-жектен бас тартқан Белал тосын пікір білдірді
-
8 қараша, 2024
Қазақстанда спорт нысандарының стандарты жоқ