Павлодар облысының абақтысында педофил бір көзінен айрылды

Ол өз көзін өзі ойып алған

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған қызын зорлады деп айыпталған 47 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Іс жабық режимде қаралды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сотта қыздың биологиялық әкесінің жыныстық зорлық-зомбылығы екі жылдан аса уақытқа, 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін созылғаны белгілі болды.

Сотталушы кінәсін мойындады, бірақ куәлік беруден бас тартты. Жәбірленуші әкесіне соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды сұрады, ал оның заңды өкілі ер адамды ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот ер адамды 120-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған баланы ата-анасының зорлауы" және 121-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-анасының жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады.

    Көп оқылды: