Көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктер қозғалысы толығымен шектеледі
3 қарашада Астанада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының бойында Сығанақ көшесімен қиылысатын жерде көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктер қозғалысы толығымен шектеледі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Астана қаласының мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін № 12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Себебі LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - делінген мониторинг орталығы хабарламасында.