Хасан 2020 жылы адам ұрлау ісіне қатысы бар болуы мүмкін
16 жасар Шерзат Болаттың өлтірілуіне байланысты есімі шыққан Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны «Хуторские» қылмыстық тобының көшбасшысы деп атайды, бірақ Қасымбаевтың өзі қылмысқа қатысы бар екенін жоққа шығарады. Алайда, Бас прокуратурада анықталғандай, Қасымбаевтың 2020 жылы болған қылмысқа қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Сол кезде Алматы облысындағы кенттердің бірінде 1984 жылы туған жергілікті тұрғын ұрылып кеткен. Бұл қылмыс үшін 5 ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Қадағалау органы бұл істің барлық мән-жайларын тағы да зерттеп, Қасымбаев осы қылмысқа тапсырыс беруші болуы мүмкін деген қорытындыға келді.Сондықтан қазір 106-баптың 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 125-баптың 2-бөлігі (Бір топ адамдарды алдын ала сөз байласу арқылы ұрлау) бойынша жаңа іс қозғалды.