Rаim мен Ерке Есмахана концертке келген халықты күлдірді
Алматыда әнші Raim-ның ауқымды жеке концерті өтті. Сахнаға Ерке Есмахан шығып, күйеуімен бірге ән орындады, деп Dopmedia.kz тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеордан қолына гүл ұстаған Ерке саханада сөзден жаңылысып қалғанын көруге болады.
«Сен маған ұл сыйласаң... Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын», - деп күлді Ерке Есмахан.
Әншінің бұл сөздерді шатастырып айтқаны көрермендерді күлкіге қарық қылды. Кейіннен Райымбек Бақытгереев концерттің ұзақтығы екі сағат болатынын айтты.