Камала Харрис өз жеңілісін АҚШ алдында мойындады РБК

Ол Трамппен сөйлесті

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия атынан үміткер болған вице-президент Камала Харрис Республикалық партия атынан қатысқан қарсыласы Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін қоңырау шалды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Олар билікті бейбіт жолмен тапсырудың маңыздылығы мен Президенттің барлық америкалықтар үшін атқаратын рөлін талқылады. Әңгіме бірнеше минутқа созылды.

"Дональд Трамп пен Камала Харрис сәрсенбі таңында телефон арқылы сөйлесті. Харрис Трампты оның тарихи жеңісімен құттықтады. Президент Трамп вице-президенттің күшін, кәсібилігін және табандылығын жоғары бағалап, екі көшбасшы да елдегі бірліктің маңызын мойындады", – деп жазылған Трамптың сайлауалды штабының мәлімдемесінде.

    Көп оқылды: