Абат көмектесе алмады: қазақ футболшысының клубы соңғы орында келеді Фото: instagram.com/adskulubu/

«Адана Демирспор» «Эюпспорға» 0:1 есебімен есе жіберді

Түркия чемпионатының 2024/25 маусымының 12-турында «Адана Демирспор» «Эюпспорға» 0:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қонақтарға жеңіс әкелген жалғыз голды Ахмет Кутужу соқты. Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов негізгі құрамда шықпағанымен, ойынның аяқталуына тоғыз минут қалғанда алаңға шықты. Алайда ол нәтижелі әрекет көрсете алмады.

Айта кетейік, «Адана» 12 турдан кейін небәрі екі ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы, 19-орында тұр. Келесі матчты команда 25 қарашада Астана уақыты бойынша 22:00-де «Трабзонспорға» қарсы өткізеді.

    Көп оқылды: