Ресей Солтүстік Кореямен бірге Курск аймағына үлкен шабуыл жасамақ Фото: ntv.com

Шетелдік БАҚ Ресей мен Солтүстік Кореяның жоспарын айтты

Ресей Солтүстік Кореяның әскерилерімен бірлесіп Курск аймағында кең ауқымды шабуыл жасамақ. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шетелдік басылым мәліметінше, Ресей армиясы шабуыл жасау үшін 50 мың адамнан тұратын күш жинаған. Жақын күндері басталуы мүмкін шабуылдың басты мақсаты, бүкіл Курск облысына бақылауды қалпына келтіру. 

Батыс пен Украинаның ресми өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Курск аймағына келуі "үлкен шиеленіс" тудырады.  

“Солтүстік Корея Курск аймағына соғысу үшін 10 мыңнан астам әскерін жіберді. Әскерилер ресейлік киім киіп, солардың қару-жарағын асынған. Бірақ өздерінің жеке бөлімшелерінде соғысуы мүмкін. Жаттығуда Ресей солтүстік кореялықтарды артиллериялық атыс, жаяу әскердің негізгі тактикасы және траншеяларды тазарту бойынша жаттықтырады. Солтүстік Кореяның кейбір күштері Украинаның бекінген қорғаныс позицияларына фронтальдық шабуылдар жасайды”, – деді Пентагон өкілдері. 

Сарапшылардың пайымдауынша, Солтүстік Корея әскерлері жеңіл жаяу әскер ретінде соғысады. Бұл әскерді айтарлықтай шығынға әкелуі мүмкін дейді. 

Операция сәтті аяқталса, Ресей өз шекарасында тоқтамай, украин әскерлерін одан әрі ығыстыруға тырысуы мүмкін. Сонымен бірге, кейбір америкалық шенеуніктердің пайымдауынша, Солтүстік Корея Ресей әскерлері Украинаға кірген кезде өз әскерлеріне шекарада тоқтауға бұйрық беруі мүмкін.

Дереккөз: Stan.kz.

    Көп оқылды: