Еуро-2024: Аустрия мен Түркия құрамаларының кездесуі uefa.com

Футболдан Еуропа чемпионатының «D» тобында Аустрия құрамасы бірінші орын иеленіп, бүгін Лейпцигте 1/8 финалының шеңберінде Түркия құрамасымен кездеседі.

Ральф Рангниктің шәкірттері чемпионат барысында Франция құрамасына есе жіберіп, кейін Польша құрамасын 3:1 есебімен жеңіп түсті. Нидерландымен өткен ойында аустриялықтар Марсель Забитцердің 80-ші минутта соққан голының арқасында  «D» тобының шыңына шықты.

Наурыз айында аустриялықтардан 1:6 есебімен жеңіліске ұшыраған түрік бауырларымыз да бұл ойынға үлкен дайындықтарын көрсетуде. Винченцо Мотеллоның жігіттері Грузия мен Чехияға қарсы сәтті ойын көрсетіп, Португалия құрамасына 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

«Наурызда өткен жолдастық кездесуде нашар ойын көрсетіп, ауыр жеңіліске ұшырадық. Бұл жолы жеңіс біздікі»,-дейді Түркия құрамасының шабуылшысы.

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтіп жатыр, құрлық біріншілігінің матчтары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда өтеді.